$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2020, 12:21
Қоғам

Қазақстандықтар коммуналдық қызмет үшін 17 миллиард теңге қарыз – министр

Қарызы көп өңірлер бойынша Алматы бірінші орында тұр

Қазақстандықтар коммуналдық қызмет үшін 17 миллиард теңге қарыз – министр
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 17 миллиард теңге қарыз. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Коммуналдық қызметтер бойынша берешектің өсуіне назар аударған жөн. Бүгінгі таңда тұтынушылардың дебиторлық берешегі 17 миллиард теңгені құрайды. Тек осы жылдың өзінде берешек 3,4 миллиард теңгеге ұлғайды. Өсім бес өңірде байқалады», - деді Атамқұлов Үкімет отырысында.

Министр қарыз монополистердің қызметтерді сапалы және уақытылы жеткізуіне әсер ететінін атап өтті.

Қарыз бойынша көшбасшы өңірлер үштігі: Алматы (4,5 миллиард теңге қарыз), Шымкент (2,5 миллиард теңге қарыз), Нұр-Сұлтан қаласы (1,95 миллиард теңге төлеуі тиіс).

Сымбат Молдатай, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары