$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.09.2020, 02:21
Қоғам

Медсақтандыру қорындағы жемқорлыққа қатысты фактілерді WhatsApp арқылы хабарлауға болады

1-30 қазан аралығында қор қызметіне талдау жүргізіледі

Медсақтандыру қорындағы жемқорлыққа қатысты фактілерді WhatsApp арқылы хабарлауға болады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-30 қазан аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram-дағы хабарламасына сілтеме жасап.

«Талданып отырған сала тұрғындар үшін өзекті екендігін ескере отырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын жағдайлар мен ақпараттарды b.aitbaev@anticorruption.gov.kztolybekov.n@anticorruption.gov.kz электронды поштасына және 8-778-672-44-01 WhatsApp байланыс нөміріне жіберуді сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады», - деп атап өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Егер сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар болған жағдайда, 1424 тәулік бойы байланыс орталығына хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары