Ақтөбе облысында дәріханаларға 32 млн теңге айыппұл салынды

Рейд барысында 70-тен астам заңбұзушылық анықталған

Ақтөбе облысында дәріханаларға 32 млн теңге айыппұл салынды

Ақтөбе облысындағы бес дәріхана вирусқа қарсы және ыстықты түсіретін препараттардың бағасын бірнеше рет көтергені үшін лицензиясынан айрылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Рейд барысында прокурорлар, санитарлық дәрігерлер және сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің мамандары жетпістен астам заңбұзушылықты анықтады. Кейбір кәсіпкерлер сатып алушыларды бір дәрі үшін бірнеше жүз теңге артық төлеуге мәжбүр еткен, басқалары мыңдап қосқан. Жалпы, дәріхана иелеріне 32 миллион теңге айыппұл салынды.

«Облыс тұрғындарының бірі шағымданды. Ол пневмониямен ауырған, сондай-ақ күйеуі де науқастанған. Ерлі-зайыптылар «Ингавирин 90» және балаларға арналған «Ингавирин 60» дәрілерін 171 мың теңгеге сатып алған. Осы шағымнан кейін біз тізімді тексердік, «Ингавирин» дәрі-дәрмегі 55 мың 630 теңгеге қымбатқа сатылған. «Клексан 4000» орамасындағы 10 дана дәрі әдетте 18 620 теңге тұрған, бұл шекті баға. Дегенмен, «Айболит» дәріханасы оны 42 500-ге сатты, яғни, құнын екі есе өсірген», - деді «Ақтөбе – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.