Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Алматыда алимент төлеуден қашып жүргендердің көлігі тәркіленіп жатыр

Айып тұрағына қойылған көліктер сатылымға шығарылады 

Алматыда алимент төлеуден жалтарып жүрген ер азаматтардың машинасы тәркіленіп жатыр, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі.  

Әділет департаменті қазірге дейін 4 көлікті мәжбүрлі түрде айып тұрағына қойды. Көлік иелерінің алимент бойынша жалпы қарыз көлемі 3 158 153 теңгеге жеткен.

Қашқындарды ұстауға полиция көмекке келген. Алдымен бағалаушы компаниялар көліктің құнын шығарады және сол бойынша айып тұрағындағы машиналар сатылады. Сатылымнан түскен ақша алимент қарызын төлеуге жұмсалады.

«Қыркүйек айында Алматыда жеке сот орындаушысы алимент өндіру ісін жүргізу барысында борышкерлерден куәгерлердің және полиция қызметкерлерінің көзінше «Mercedes Benz», «Subaru Legacy» және «Toyota» маркалы 4 автокөлікті тәркілеп, айыппұл тұрағына қойды» деп хабарлады қалалық Әділет департаментінің баспасөз жетекшісі Әсемгүл Батыргереева.

Мәселен, алимент төлеуден жалтарып жүрген «Mercedes Benz» автокөлігінің иесі балалары мен бұрынғы әйеліне тиесілі 1 миллион 586 мың теңгені бермей келген. Қалған үш көліктің қожайындары да өз балаларын асырап оттырған бұрынғы әйелдеріне 400-600 мың теңге аралығында төлеуі тиіс болған.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы