$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2020, 21:14
Қоғам

Құс тұмауына байланысты жұмыртқа тапшылығы туындауы мүмкін бе, АШМ

Қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыртқа өндірумен 35 құс шаруашылығы кешені айналысады

Құс тұмауына байланысты жұмыртқа тапшылығы туындауы мүмкін бе, АШМ

Қазақстандықтар құс тұмауынан тауықтардың жаппай қырылуына байланысты жұмыртқа тапшылығы мен оның бағасының қымбаттауынан қауіптенеді. Бұл мәселеге байланысты ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Құс тұмауы құс еті мен жұмыртқаның құнына қалай әсер етеді? Өнім тапшылығы болмас үшін бізде басқа құс фабрикаларының қуаты жеткілікті ме?». ОКҚ брифингінде қойылған журналистердің осы сауалдарына Ахметов жауап берді: 

«Қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыртқа өндірумен 35 құс шаруашылығы кешені айналысады. Олардың қуаттылығы ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ олар экспортпен айналысады. Қазақстандық құс фабрикалары жыл сайын бес миллиардтан астам жұмыртқа өндіреді. Ішкі нарықтың қажеттілігі 106 пайызға қамтамасыз етілген», - деді ол. 

Ахметовтың айтуынша, биыл жұмыртқа бағасының жыл басынан бері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бес пайызға төмендеуі байқалады.

«Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдайға келетін болсақ, мұнда жұмыртқа өндірумен бес құс фабрикасы айналысады, енгізілген карантиндік шараларға байланысты екі құс фабрикасының қуаттылығы әлсіреді. Біз шектеулер болатынын атап өтеміз, бірақ қалған құс фабрикалары өз қуаттылығы есебінен бұл қажеттілікті жаба алады. Облыс бүгінде жұмыртқа бойынша өзін-өзі қамтамасыз етеді және олар өнімді басқа өңірлерде де сатады», - деді Ахметов. 

Серіктес жаңалықтары