$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2020, 16:57
Қоғам

Мемлекеттік орган, ұлттық компания мен кәсіпкерлік қызметтегілердің 50%-ы қашықтан жұмыс істейді

Бас санитардың жаңа қаулысында қандай өзгерістер болды?

Мемлекеттік орган, ұлттық компания мен кәсіпкерлік қызметтегілердің 50%-ы қашықтан жұмыс істейді
Фото: dengi.informator.ua

16 қыркүйек еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 53-ші қаулысына қол қойылып, жеңілдетілген карантин режиміне қосымша өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер бойынша ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі сапасын бақылау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова түсіндірді.

«Балалар бөлмелеріндегі, түзету орталықтарындағы, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарындағы топтардың толу коэффициенті 5-тен 15 адамға дейін ұлғайтылды. Мемлекеттік органдарда, ұлттық компаниялар мен кәсіпкерлік субъектілерінде істейтін қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Бұрын бұл көрсеткіш 80% еді. Ашық ойын алаңдарында ұжымдық іс-шаралар өткізбей, залда 50 адам отыратын қоғамдық тамақтану процестеріне рұқсат берілді», - деді Роза Қожапова.

Демалыс және мереке күндері бірнеше нысанның жұмыс істеуіне рұқсат берілді. 

«Спа-орталықтар, сән салондары, шаштараз, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар мен фитнес, спорт сауықтыру орталықтары, сауна, бассейн, діни нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру бұрынғыша қала береді. Одан бөлек, жабық және жабық емес азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру да сақталады», - деді басқарма басшысы.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары