Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

1300-ден астам қырғызстандық Башқұртстан шекарасынан өте алмай отыр

Олардың арасында 24 жүкті әйел бар

Қырғызстан азаматтары Қазақстан шекарасының жабылуына байланысты елдеріне жете алмай, Башқұртстанның Куюргазин ауданында жиналып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.     

Бұл туралы 17 қыркүйекте Куюргазин ауданының басшысы Юлай Ильясов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, азаматтар қазір Ермолаев ауылында жатыр. Шекарадан өту мәселесі шешілгенше, оларға уақытша тұратын жер мен ыстық тамақ беріледі. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәртіпті күзетуде.

Мүдделі мемлекеттердің елшіліктері бұл жағдайдан хабардар екені айтылды. Алдағы екі-үш күнде Қырғызстан елшілігі мәселені шешіп, шекара ашылады деп күтілуде.

 «Башинформ» ақпараттық агенттігінің мәліметінше, 1300-ден астам Қырғызстан азаматы, оның ішінде 24 жүкті әйел және 35 кәмелетке толмаған бала Отанына жете алмай отыр.