$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2020, 13:29
Қоғам

Мәжіліс депутаты оқушыларды мектепте оқыту форматын қайтаруды талап етті

Депутаттың ойынша, бүгінде мектептерде барлық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік бар

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерін сынға алып, оқушыларды дәстүрлі оқу жүйесіне қайта көшіруді талап етті. Германия, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Қытай сияқты елдердегі оқушылардың дәстүрлі форматта мектепке қатынап оқып жатқанын мысалға келтіріп, Қазақстанда не үшін қашықтан оқытылып жатқанын айтып қынжылды.

«Білім және ғылым министрлігі әр баланың теңдей білім алуын қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір білім беру ұйымына мемлекеттік стандартты сақтай отырып жұмыс істеуге мүмкіндік жасау керек. Денсаулық сақтау министрлігі - ДДСҰ ұсыныстарын тек тыйым салу мен ереже тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар заманауи, мақсатты, орынды және тиімділігі жағынан да қарастыруы керек», - деді депутат.

Депутат қандай жағдай болмасын, мектептер қалыпты жағдайда білім беруін тоқтатпауы керек екенін де айтты.

«Бұдан да қиын кезеңдерде - соғыс жылдарында да, бұдан жаман індет тарағанда да мектептер жабылған жоқ, олар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, классикалық үлгіде білім беруін жалғастырды. Тіпті, ол кезде қазіргімен салыстырғанда санитарлық, басқа да талаптарды сақтау анағұрлым қиын болды», - деп қынжылыс білдірді.

Смирнова қазір мектерде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға: санитарлық тоннельдер, кварц шамдары, ионизатор, ауа тазартқыштар, медициналық маска, оқушылардың арақашықтығын 1-1,5 метр ету және т.б. сияқты барлық жағдай бар екенін алға тартты. 

Серіктес жаңалықтары