Қазақстанда 9 жолаушылар пойызында вагон-мейрамханалар ашылды
Жолаушылар 1 метр әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтап, вагондар арасында еркін жүре алады
ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігердің 24 тамыздағы «Жолаушылар пойыздарындағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінде шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына сәйкес, бірқатар жолаушылар пойызындағы қоғамдық тамақтану нысандары (вагон-мейрамханалар, вагон-барлар және купе-буфеттер) кезең-кезеңімен іске қосыла бастады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Жолаушылар пойыздарында қоғамдық тамақтандыру нысандарының қызметі карантиндік шаралар мен санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Қаулыға сәйкес, жолаушылар өзі орналасқан вагонда отырып тамаққа тапсырыс бере алады, сондай-ақ вагон-мейрамханаларының ішінде түскі ас ішуге рұқсат берілген. Алайда бұл тұрғыда вагон-мейрамханаларда тамақтанушылар 50%-дан жүктемеден артық болмауы тиіс», - делінген хабарламада.
7 қыркүйектегі жағдай бойынша қоғамдық тамақтандыру нысандары бар жолаушылар пойыздарының тізімі жарияланды.
Сондай-ақ жолаушылар 1 метр әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтап, вагондар арасында еркін жүре алады.