Нұр-Сұлтанда колледж студенттеріне арналған онлайн мектеп ашылды
4 колледж базасында ашылған мектеп студенттерге тегін білім береді
Нұр-Сұлтан қаласында 4 колледж базасында тегін онлайн мектеп ашылды. Жыл соңына дейін онда студенттерді құрылыс саласына байланысты пәндер бойынша оқытатын болады, деп хабарлады Azattyq Rýhy тілшісі.
Бастаманы Нұр-Сұлтан қаласының политехникалық колледжі, Көлік және коммуникация колледжі, Қазақ көлік және коммуникация академиясы, «Тұран» колледжі қолдады.
«Осы жылдың соңына дейін студенттерге ірі құрылыс компаниясының қызметкерлері, дизайн, жобалау, құрылыс, жобалау-сметалық құжаттама, жабдықтар мен ғимараттарды пайдалану, HR саласындағы мамандар дәріс оқиды», - деді кәсіпкер Талғат Қожахметов.
Мектепте м.ғ.к., РАЕ профессоры, Жоғары санатты дәрігер, «МУА» АҚ АЕМ және анестезиология - реаниматология кафедрасының доценті, BLS, ACLS халықаралық нұсқаушысы Алексей Кокошконың қатысуымен бірінші сабақ өтті. Ол студенттерге құрылыс нысандарындағы еңбекті қорғау негіздері туралы айтып берді.