Елордада жәрмеңке сатушылары ұсынылған бағадан азық-түлікті қымбатқа сатып жатыр
Сиыр етін килограмы 1800 теңгенің орнына 2300 теңгеге, қарбыз 75 теңгенің орнына 120 теңгеге сатылуда
Нұр-Сұлтан қаласындағы жәрмеңкеде сатушылар азық-түліктің ұсынылған құнынан жоғары баға белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
«Сиыр етін килограмы 1800 теңгенің орнына 2300 теңгеге, қарбыз – 75 теңгенің орнына 120 теңгеге сатылып жатыр», - делінген бейнесюжетте.
Жәрмеңкеге қатысушылар негізінен жеміс-жидек, сүт өнімдері мен балық өнімдеріне ұсынылған бағаларды ұстанады.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы Алматы және Түркістан облысынан жеткізілген тауарлармен ашылды. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, барлығы 100 өндіруші қатысуда. 800 тонна өнім ұсынылды. Жәрмеңкедегі баға нарықтағыдан 15-20%- ға төмен болады деп болжанған.
Қала тұрғындарының пікірі мынадай:
«Іс жүзінде таңдау жоқ және ұйымдастырылмаған. Мысалы, мен Алматыдан келдім. Онда олар қай аймаққа келгенін, не сатқанын жазады. Ал мұнда бардак».
«Жалпы алғанда, алуға болады, қаптармен және килограммен».
«Ет үшін кезекке тұрар едім, бірақ оның бағасы әлеуметтік желілерде жазылғандай емес».