Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте 77-ші орынға ие болды

Автор: Azattyq Rýhy

Көшбасшылар – Швейцария, Швеция және Ұлыбритания

Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте 77-ші орынға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS-ке сілтеме жасап. 

Баяндамаға сәйкес, ел 28,56 орташа деңгейде балл алды. 2019 жылы Қазақстан 79-орында орналасқан еді.

Биылғы рейтингте Қазақстан Ресейден (47-орын), Беларусьтен (64-орын), Армениядан (61-орын), Моңғолиядан (58-орын), Ираннан (67-орын), Ямайкадан (72-орын), Панамадан (73-орын) және т. б. төмен.

Егер индекстің көшбасшылары туралы айтатын болсақ, Швейцария бірінші орында 66,08 балмен, екінші орында – Швеция 62,47 балмен, үшінші орында – АҚШ 60,56 балмен. Одан кейін Ұлыбритания, Нидерланды, Дания, Финляндия, Сингапур, Германия және басқа елдер.

Айта кетейік, баяндамада Қазақстан Үндістан мен Иранмен қатар Орталық және Оңтүстік Азияның топ-3 еліне орналастырылды.

Жаһандық инновациялық индекс бірнеше көрсеткіштерден тұрады. Олардың ішінде Қазақстан 68-ші орында тұрған адами капитал, сондай-ақ инфрақұрылым (66-шы), ішкі нарықты дамыту (53-ші), бизнесті дамыту (71-ші), технологиялар мен білім экономикасының ілгерілеуі (112-ші), креативті қызметті дамыту (87-ші) критерийлері бар.

Айта кетерлігі, жаһандық инновациялық индекс – инновациялардың даму деңгейі бойынша әлем елдерін зерттеу. 2017 жылдан бастап Корнель университетінің (АҚШ), INSEAD бизнес мектебінің (Франция) және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының консорциумы құрылды.