05.09.2020, 16:20
Қоғам
Алматыда 6 қыркүйекте автобустар мен метро жұмыс істейді
Ал Нұр-Сұлтанда 6 қыркүйекте автобустардың қозғалысы тоқтатылады
Алматыда 6 қыркүйекте қалалық қоғамдық көлік жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Instagram-дағы «Алматы Автобустары» парақшасына сілтеме жасап.
«Құрметті жолаушылар! Ертең, 6 қыркүйекте маршруттар бұрынғы режимде жүретіні туралы хабарлаймыз», – делінген хабарламада.
Осылайша, автобустар таңғы сағат алтыдан кешкі онға дейін жүреді. Сондай-ақ, жексенбі, 6 қыркүйекте метро да жұмыс істейді.
«Алматы Автобустары» демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын тұрғындардың өтініші бойынша тоқтатпау туралы шешім қабылдағанын түсіндірді.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда 6 қыркүйекте автобустардың қозғалысы тоқтатылады. CTS ақпараты бойынша, бұл дезинфекциямен байланысты.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды