Нұр-Сұлтанда жәрмеңке маусымы басталды
Түркістан және Алматы облыстары 800 тоннадан астам өнім әкелді

Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтай отырып, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды. Жәрмеңкелер әр демалыс сайын өтеді.
Бүгінде Түркістан және Алматы облыстары 800 тоннадан астам өнім әкелді. Атап айтқанда, ет, сүт, балық өнімдері, көкөністер, жемістер, консервілер және т.б. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен.
«Мұндай ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу әлеуметтік маңызы бар өнімдерді төмендетілген бағамен сатуға мүмкіндік береді. Қала тұрғындары тарапынан сұраныс бар. Мұндай жәрмеңкелерді әр демалыс сайын өткізетін боламыз. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру үшін сауда желілерін жеңілдікпен несиелеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл өнімнің 16 түрінің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Ірі сауда желілері мен базарлар қатысады. Олар тонна өнім сатып алу үшін біз оларға қаражат бөлеміз. Бұдан басқа, тұрақтандыру қоры құрылды. Карантин кезінде қатаң санитарлық нормаларды сақтау керек екенін есте ұстаған жөн: бетперде кию, қолды антисептикпен өңдеу және қашықтықты сақтау. Жәрмеңке аумағында қашықтықты сақтау үшін сызықтар сызылды, адамдар ағынын шектеді – жәрмеңкеге кіру және шығу бөлек жасалды. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысқаны үшін облыстардағы әріптестеріме алғысымды білдіремін», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Айта кетерлігі, 12 және 13 қыркүйекте жәрмеңкеге Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстары өнім әкеледі.