02.09.2020, 17:38
Қоғам
Қоғам белсендісі Көбейтұздың басында пикет өткізді
Экологтың пікірінше, бір әріптің өзі әлемді өзгерте алады
Белгілі қоғам белсендісі Әсем Омар қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғауға аудару мақсатында «Аяла- Аяма» атты бір адамдық пикет өткізді.
«Бірегей Көбейтұз қызғылт көлінде көліктің ізі мен тұзды қазып алғаннан кейінгі шұңқырлар қалды. Бұл – қайғылы жағдай. Бәлкім, біз тұтас әлемді өзгерте алмайтын шығармыз, бірақ экологиялық мәдениет, экологиялық білімді көтеруді және тұрғындарымыз бен жақындарымыздың тәрбиесін өзімізден бастай аламыз», - дейді Әсем Омар.
Пикет өткізу арқылы эко-белсенді халықты табиғатты аялауға шақырды.
«Бүгін – Білім күні. Табиғатқа мейірімділік таныту мен оны қорғау маңызды. Мұнымен тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да айналысуы керек», - деп ол.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы