Білім күні: Биыл 2 млн 600 мың бала қашықтан оқиды
Бүгін елімізде жаңа оқу жылы басталады
Биыл 2 млн 600 мың бала қашықтан оқиды. Яғни оқушылардың 80 проценті онлайн форматта білім алады, деп хабарлайды Хабар24.
Мектептер 8 интернет платформаның бірін таңдап, сол бойынша сабақ жүргізеді. Ал оған қосылуға мүмкіндігі жоқ оқушылар телесабақ арқылы оқиды. «Еларна» және «Балапан» арналары білім бағдарламасына 9 сағат эфирін арнайды. Ал бастауыштың 530 мың оқушысы кезекші сыныптарға барады. Эпидемиологиялық ахуалы тұрақты ауылдардағы шағын жинақталған мектептер дәстүрлі білім береді. Яғни, 2020 мың бала мектеп партасына отырады. Бір кабинетте 15 оқушыдан артық отыруға болмайды. Әлеуметттік арақашықтық сақталуы тиіс. Ел бойынша 350 мың мұғалім қашықтан оқыту әдісін меңгеру үшін арнайы курс оқыған. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасының балаларына уақытша пайдалануға компьютер берілді. Барлығы 500 мың оқушы компьютермен қамтамасыз етілді.