Алматыда жаңа оқу жылына 400 видеосабақ түсірілді

Бұл процеске қаланың үздік мұғалімдері қатысуда

Алматыда жаңа оқу жылына 400 видеосабақ түсірілді
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда оқу жылының басына оқушыларға арнап 400 видеосабақ түсірілді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оның айтуынша, алматылық мұғалімдер 1-11 сынып оқушыларының қашықтан оқуы үшін видеосабақтарды дайындауға белсенді атсалысып жатыр.

«Алматы қаласында 400-ден астам сабақ түсірілді. Қаланың үздік мұғалімдері осы процеске қатысуда», - дейді Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Еске сала кетейік, 2019-2020 оқу жылының 4 тоқсанында мектеп оқушылары үшін видеосабақтар Алматы телеарнасы арқылы көрсетілді. Жаңа оқу жылында аталған сабақтар республикалық арналар арқылы трансляцияланады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.