Алматыда екі мыңға жуық оқушы кезекші сыныптарда оқиды
Қалада 193 кезекші топ ашылады
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының білім Басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева 1 қыркүйектен бастап 1-2 сыныптарға арнап 193 кезекші топ ашылатынын, онда 1977 оқушы оқитынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қаланың барлық мектептері жеткілікті мөлшерде дезинфекциялаушы құралдармен, санитарлық қауіпсіздік құралдарымен – тоннелдер, санитайзерлер, аяқ киім сүртуге арналған кілемшелерvty қамтамасыз етілген», — деді Л. Жылқыбаева.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері мектептерді санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына тексеру жұмыстары жүргізуде. Кезекші сыныптар снитарлық эпидемиолгиялық талаптар қатаң сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Кезекші топта оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі (өтініште көресетіледі).
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларға санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтиды: маскалар, қолды тазалауға арналған антисептик немесе бактерияға қарсы сулы майлықтар. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы түсіндірді. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды мектептің алдыңғы есіктеріне алып әкеледі, ал сабақ аяқталғаннан кейін балаларды мектептің алдыңғы есіктерінен үйге дейін ертіп әкетеді.