$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.08.2020, 17:03
Қоғам

«Алматы Жастары 3.0» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы жалғасады

Өтішін иесі кем дегенде, соңғы 6 айда Алматы қаласында тұрғылықты тұруы керек

«Алматы Жастары 3.0» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы жалғасады
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда жастарды баспанамен қамту үшін жеңілдетілген несие беруге өтініштер мен құжаттарды қайта қабылдау басталады. Қалалық тұрғын үй саясаты жөніндегі басқарма 1 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында құжаттар қабылдайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бағдарламаға қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

«Алматы Жастары 3.0» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасының шарттары:

  • Бюджет – 13 млрд теңгеге дейін:
  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна - 10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
  • Қамту - 1000 адам;
  • Өтініш пен құжаттарды беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады, оны ХҚКО-нан алуға болады;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтығы;

Қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бойынша қабылданады. Өтішін иесі Алматы қаласында кем дегенде, соңғы 6 айда тұрғылықты тұруы керек. Міндетті зейнетақы мөлшерлемесі қажет.

Үй алуға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала мамандарының мүмкіндігі бар.  

«Алматы Жастары 3.0» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы 2020 жылғы 22 маусымнан бастап 6 шілде аралығында жүргізілген болатын. Енді  алдыңғы қабылдауда Алматы қаласында тұрақты тіркеудің болмауына байланысты қабылданбай қалған  өтініштер де қайта қарастырылады, делінген әкімдік таратқан хабарламада. Толық ақпаратпен «Алматы Жастары» сайтынан танысуға болады. 

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары