Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 3 адам қайтыс болды
COVID-19 вирусын жұқтырған 47 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 27 тамыз бойынша коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат таратты. Қазір коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 8 976 адам бар. Олардың ішінде 38-і – балалар. Стационарларда 4 548 науқас жатыр. 4 428 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 267 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 47 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.
27 тамыздағы жағдай бойынша, өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанған 558 жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 355 адам жазылып шыққан.
1-27 тамыз аралығында: науқастар саны - 24 101, өлім жағдайы - 271, барлығы 5 256 адам сауығып шықты.