$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2020, 22:13
Қоғам

Украина Сыр еліне көмек көрсетті

Гуманитарлық көмек құрамында емдеу мекемелеріне қажетті дәрі-дәрмек әкелінген

Украина Сыр еліне көмек көрсетті

Украинадан Сыр еліне гуманитарлық көмек келді. Гуманитарлық көмек құрамында емдеу мекемелеріне қажетті 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісі мен 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісі әкелінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдемесін Azattyq Rýhy тілшісі Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл дәрі-дәрмек қоры облыстағы барлық емдеу ұйымдарыныңсұранысына қарай бөлініп, таратылды. Атап айтсақ, 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісінің барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына берілсе, 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісінің 350-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына, 360-ы Арал ауданаралық ауруханасына, Қазалы ауданаралық ауруханасына 360 қорап, Қармақшы аудандық ауруханасына 360, Сырдария аудандық ауруханасына 360, Жалағаш аудандық ауруханасына 360, Шиелі ауданаралық ауруханасына 360, Жаңақорған ауданаралық ауруханасына 360, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына 360 қорап таратылды»,- делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары