25.08.2020, 09:21
Қоғам
COVID-19: Қазақстандағы 308 науқастың ахуалы нашар
Соның ішінде 61 адамның жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр
Фото: gazeta.ru
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 308 науқастың ахуалы нашар, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 963 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 49 бала бар. Стационарларда 5 248 науқас жатыр. 4 715 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 308 адамның халі нашар. Соның ішінде 61 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды