25.08.2020, 05:35
Қоғам
TikTok әзірлеушілері Трамп әкімшілігін сотқа бермекші
Дональд Трамп танымал қосымша компаниясын АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кәсіпорындар тізіміне қосқан
Қытайлық TikTok мобильді қосымшасының әзірлеушілері Ақ үйге шағымдануға дайын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Бұл туралы сервис әкімшілігі хабарлады.
Олар жақын арада Трамптың бұйрығымен Америка Құрама Штаттарында TikTok қызметін пайдалануға тыйым салынғаны үшін талап арыз береді.
Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп танымал қосымша компаниясын АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кәсіпорындар тізіміне қосқан. TikTok-пен бірге тағы бір қытайлық WeChat әлеуметтік желісі қара тізімге енді. Жауап ретінде компания өкілдері өз талаптарын Калифорния федералды сотына жіберді.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 11:50
Ішкі істер министрлігі «ұлдарға зорлық жасады» деген күдікпен Исматулла Мақсұмға қатысты жаңа тергеу бастады
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды