$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2020, 01:02
Қоғам

Қазақстандық педагогтарға COVID-19 тестін тапсырмауға рұқсат етілді

Мектепке кірер алдында дене қызулары өлшенеді

Қазақстандық педагогтарға COVID-19 тестін тапсырмауға рұқсат етілді

Қазақстандық педагогтар оқу жылы басталар алдында тестілеуден өтпейді. Денсаулық сақтау министрлігі барлық мұғалімдерді бір реттік тексерудің мағынасы жоқ деп санайды. Олар өз денсаулығы үшін жауапкершілікті өз бетінше және күн сайын көтеруі тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

«Мұғалімдер арасында коронавирусты анықтауға арналған жаппай, әсіресе, тегін тесттер өткізу орынсыз, өйткені мұғалімдер өте белсенді қызмет пен өмір салтын ұстанады. Олар күн сайын көптеген адамдармен жолығады, сондықтан ПТР-тестілерді өткізудің еш мағынасы жоқ», - деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Мұғалімдердің қауіпті ауруының алғашқы белгілерін штаттық медбикелер тексереді. Мектепке кірер алдында барлығы температураны тексереді.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары, педагогтар сияқты, ғимаратта медициналық бетперде киіп, қашықтықты сақтауға міндеттелді. Бірақ балаларға резеңке қолғап киюдің қажеті жоқ. 

Серіктес жаңалықтары