$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2020, 16:09
Қоғам

Қазақстан бойынша 16 бала Кавасаки синдромына ұқсас ауруға шалдыққан

Бұл ауру «көпжүйелі қабыну синдромы» деген атауға ие болып отыр

Қазақстан бойынша 16 бала Кавасаки синдромына ұқсас ауруға шалдыққан
Фото: ашық дерек көзінен

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар өте көп болған елдерде сәуір-мамыр айларында  инфекциямен ауырып жазылған балалалардан «көпжүйелі қабыну синдромы» анықтала бастаған. Қазақстанда мұндай синдром осы уақытқа дейін 16 баладан анықталған. Бұл туралы бүгін еліміздің бас педиатр-дәрігері Роза Боранбаева мәлім етті.

Педиатр атап өткендей, әлем бойынша да, Қазақстанда да балалар коронавируспен сирек ауырады. Көп жағдайда вирус балаларда симптомсыз тарайды, ауруханаға түсетіндер арасында да балалар аз және көбіне симптомы білінген жағдайда, балалар аурудан тез айығады.

«Пандемия басталғалы бері Қазақстанда шамамен, 2,5 мың бала коронавирус инфекциясымен ауырды, оның ішінде 111 жаңа туған сәби бар.  Балалардың 80%-да ауру симптомсыз өтті. Тек 20% балалар ғана орта деңгейде ауырып шықты», - деп хабарлады ол.

Ал, қазір Қазақстандағы ата-аналардың көбі әртүрлі ақпарат көздерінен келіп жатқан Кавасаки синдромына алаңдаулы. Оны бас педиатр да растап, Кавасаки мен оған ұқсас аурудың айырмашылығын айтып берді.

«Уақытша коронавируспен байланыстырып отырған Кавасаки синдромына ұқсас ауру көбіне инфекциялық аурулардан кейін, коронавируспен ауырғаннан кейін 3-5 аптадан кейін білінеді. Қазір оны Кавасакиға ұқсас синдром деп атап жүр. Клиникалық тұрғыда Кавасаки синдромымен ұқсастығы болғанымен, екі ауруды айыратын нақты белгілер бар. Кавасаки синдромы инфекциялық аурулардан кейін генетикалық ауытқулары бар балаларда кездесетін және аурудың шарықтау кезі тек 2 жастағы балаларда болатын ауру», - деп түсіндірді бас педиатр.

Қазір Қазақстанда тіркеліп жатқан COVID-2019 вирусымен байланысты балалардағы инфекция «көпжүйелі қабынау синдромы» деп аталып, оны емдеудің арнайы клиникалық хаттамасы әзірленген.

«Көпжүйелі қабыну синдромын ерте анықтап, уақытында емдеу жасалса, ол қауіпті емес. Оның негізгі клиникалық симптомдары мынау: баланың соңғы  24 сағат ішінде дене қызуы көбейіп, лаборатория оның екі және одан да көп органы қабынғанын көрсетеді. Егер балада көпжүйелі қабыну синдромы анықталған болса, ол бірден аурханаға жатып, толық диагностикадан өтуі керек. Оны тек инфекционист дәрігерлер ғана емес, ревматолог, кардиолог, гематолог, реаниматолог сияқты дәрігерлер емдеуі тиіс. Осы уақытқа дейін дәл осындай синдром Қазақстан бойынша 16 баладан анықталып, 8 бала жазылып шықты», - деп хабарлады Боранбаева.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары