КВИ-ден қайтыс болған тағы 11 дәрігердің туысы өтемақы бойынша өтініш берді
Бүгінге дейін індеттен қайтыс болған 3 медициналық қызметкердің туыстарына төлемақы берілді
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне берілетін өтемақы туралы айтты.
«КВИ-мен күресуге тартылған 776 медицина қызметкері, вирусты жұқтыру жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы әлеуметтік төлемдер алды. Сондай-ақ, осы індеттен қайтыс болған 3 медициналық қызметкердің туыстарына төлемақы берілді. Тағы 11 адам (қайтыс болған медициналық қызметкерлердің туыстары) өтініш берді. Сол сұрақтар қарастырылып жатыр», - деді ведомствоның ресми өкілі.
КВИ жұқтырған 776 дәрігердің әрқайсысы 2 млн теңгеден алды. Қайтыс болған медицина мамандарының туыстары 10 млн теңгеден алды.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан