$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2020, 12:22
Қоғам

Елорда әкімдігі жағдайы жоқ отбасыларға 6 млрд теңгеге компьютер сатып әпермек

Қашықтан оқу үшін оқушыларға 34,5 мың компьютер алынады

Елорда әкімдігі жағдайы жоқ отбасыларға 6 млрд теңгеге компьютер сатып әпермек
Фото: ашық дерек көзінен

Нұр-Сұлтанда тұрмысы төмен отбасылардың балаларын компьютер және интернет роутермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға қашықтан оқитын 34,5 мың бала қамтылады.

«Елордалық барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін «кезекші сыныптардың» жұмыс істеуін жоспарлап отырмыз. Бұл ретте барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Педагогтердің 30%-ға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды қыркүйекте  компьютер және роутерлермен қамтамасыз етеміз», - деді бұл туралы  тамыздың онлайн-кеңесінде қала  әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен бірге, жалпыға міндетті оқу қоры шеңберінде әрбір оқушыға мектеп құралдарын сатып алуға 40 мың теңгеден бөлінеді. Ал 7 мың бала «Мектепке жол» акциясына қатысады.

Серіктес жаңалықтары