$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2020, 21:19
Қоғам

«Еліміздің барлық аймағында мұқтаж оқытушыларды қамтамасыз ететін компьютерлер жетіспейді» - Павел Казанцев

Сонымен қатар республикадағы 24 мыңға жуық мұғалімнің жеке компьютері жоқ

«Еліміздің барлық аймағында мұқтаж оқытушыларды қамтамасыз ететін компьютерлер жетіспейді» - Павел Казанцев
Фото: nurotan.kz

Оқу жылының басталуына 11 күн қалғанда еліміздің барлық аймағында мұқтаж студенттерді және оқытушыларды қамтамасыз ететін компьютерлік жабдықтардың жетіспеушілігі байқалып отыр. Бұл жайында «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев карантин жағдайында мектептерді компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге арналған отырыста айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі партияның сайтына сілтеме жасап.

Павел Казанцев атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қашықтықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру мәселесін пысықтауды тапсырды. «Nur Otan» партиясы өз кезегінде осы тапсырманың орындалуын бақылап, мониторниг жүргізетін болады. 

Қазіргі уақытта елімізде 3,3 миллионнан астам оқушы бар, және олардың көпшілігінде қашықтықтан оқытуға арналған компьютерлік жабдықтар жоқ. Аймақтардағы мектептер мүлде дайын емес: республикадағы 24 мыңға жуық мұғалімнің онлайн-білім беруді ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтары (жеке компьютерлері) жоқ, ал тағы 2 мыңы үшін интернет қол жетімді емес.

«Оқу жылының басталуына 11 күн қалғанда еліміздің барлық аймағында мұқтаж студенттерді және оқытушыларды қамтамасыз ететін компьютерлік жабдықтардың жетіспеушілігі байқалып отыр, көптеген елді мекендерде жоғары сапалы интернетке қол жетімділік проблемалары әлі де бар, демек, оқу процесінің сапасын жоғалтудың нақты қаупі бар», - деді Партиялық бақылау комитетінің төрағасы. 

Білім және ғылым вице-министрінің айтуынша, компьютерлері жоқ оқушылар ең көбі Батыс Қазақстанда - 64% (68 825 оқушы), Жамбылда - 42,5% (99 852  оқушы), Алматыда - 38,9% (87 527 оқушы); Маңғыстауда - 32,4% (49 652 оқушы); Ақтөбе - 28,1% (44 485 оқушы); Түркістанда - 22,3% (111 555 оқушы); Ақмолада - 23,9% (31 656 оқушы).

Республикамызда 402 462 оқушыда үйде қолданатын интернет жоқ.  Ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау облысында - 23,6%, Түркістан облысында - 22,3%, Жамбыл облысында - 19,5%, Алматыда - 19%.

Негізінен әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары компьютермен және интернетпен қамтамасыз етіледі. Қазір олар 500 мыңнан астам. Бүгінгі таңда оқушаларға 155 627 компьютер берілді. Қалған аймақтар бүгіннен бастап бере бастайды.

Сондай-ақ, ол 1 қыркүйекке дейін мектептерді компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, оқу жылы басталғанға дейін жарияланған немесе есептелген сұраныстың тек 2% -ы ғана қамтылады.

«Ал 1 қыркүйектен кейін компьютер ала алмайтын отбасылар, әсіресе табысы төмен және көп балалы отбасылар туралы не айтуға болады? Осы 2% компьютер қалай таратылады?», - деді Казанцев. 

Екі министрліктің ақпаратына сәйкес, проблемасы көп 3038 мектептің 53-і интернетпен қамтамасыз етілмеген, ал 3 мыңға жуығы төмен жылдамдықты интернет қолданады.

Серіктес жаңалықтары