$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2020, 21:01
Қоғам

ІІМ: есірткі және психотроптық заттарды сатқан 46 дәріхана анықталды

280-нен астам шаруашылық субъектілері тексерілді 

ІІМ: есірткі және психотроптық заттарды сатқан 46 дәріхана анықталды

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сататын дәріханалар арасында 46 құқық бұзушылықты анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Рейд барысында 280-нен астам шаруашылық субъектілері тексерілді. Анықталғандай, 40-қа жуық субъект құрамында есірткі заттары бар медициналық препараттарды сату және сақтау ережелерін бұзған. Сондай-ақ, екі дәріхана фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысқан. 

«ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттардың сатылуын мұқият қадағалап отырады. Мұндай препараттар рецепт бойынша бейінді мамандардың есебінде тұрған адамдарға қатаң түрде сатылуы тиіс. 36 дәріханада анықталған осындай препараттарды сату ережелерін бұзушылықтар провизорларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін денсаулық сақтау органдарының фармацевтикалық бақылау аумақтық бөлімшелеріне жіберілді. Барлығы 44 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген хабарламада. 

Қылмыстық кодекстің 303-бабы «Есірткі заттарымен жұмыс істеу ережелерін бұзу» бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды, олар бойынша жаза үш мың АЕК дейін айыппұл салуды, не түзеу жұмыстарын, үш жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе айыруды, не сол кезеңге фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

 

Серіктес жаңалықтары