Карантин кезінде 830 мың бизнес тоқтап тұрған
Бұл туралы Эльдар Жұмағазиев мәлім етті
Қазақстанда шілдеде басталған екінгі қатаң карантин кезінде ел бойынша 830 мың бизнес жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Енді 17 шілдеден бастап, олар арнайы сайттан рұқсат алғаннан кейін жұмысын бастайды.
Бұл туралы бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев мәлім етті.
«Карантин кезінде 830 мың бизнес жұмысын тоқтатты. Шамамен, 1,3 млн адам жұмыссыз қалды. Енді 17 тамыздан бастап олардың көбі жұмысы бастамақ. Ол үшін Атамекен палатасы «Инфоқазақстан.кз» сайтын ашты. Жұмысын бастағысы келетін бизнес иелері осы сайтқа тіркеліп, рұқсат қағаз ала алады», - деді Э. Жұмағазиев.
Оның айтуынша, соңғы үш апта бойынша мемлекеттік комиссия өкілдері мен бас санитар дәрігер бизнес нысандарының ашылуына қашан рұқсат беру керек деген мәселені талқылаған. Талқылаудың нәтижесінде олардың жұмыс істейтін алгоритмі белгіленіп, 17 тамыздан бастап кезең-кезеңімен рұқсат алған нысандарды ашу жоспарланып отыр.