Қостанай облысында сотталушы «Бастау бизнес» жобасы бойынша онлайн оқудан өтті
Сертификат алған ол енді бизнес ашуға ниетті

Лисаков қаласының пробация қызметінде есепте тұрған сотталушы «Бастау бизнес» жобасы бойынша «Кәсіпкерлік негіздері» онлайн курсын оқыды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл курстарды «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ұйымдастырды.
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталушы өз бизнесін ашуға қызығушылық танытып, осыған байланысты пробация қызметінен көмек сұрады. Қызметкерлер карантин кезеңінде көмек көрсетті және осы онлайн курс ұйымдастырылды. Курс үйлестірушілері істі ашудың негізгі аспектілері, неден бастау керек және бүгінгі күні бизнестің өзекті және сұранысқа ие салалары туралы айтып берді, сондай-ақ заң кеңесін өткізді. Оқу аяқталғаннан кейін сотталған оған кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін сертификат алды»,- делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар сотталғандардың қоғамға тез бейімделуіне жағымды әсер етіп, өз ісін дамытуға және түзу жолға түсуге көмектеседі деп сенеді.