Бүгін, 09:47
Қоғам

«1 желтоқсан кигізіп, 28 ақпанда шешесіздер»: полиция көлік иелеріне маңызды ескерту жасады

Осы аралықта көлігінің дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілер жазаланады

Бүгін, 26 қарашадан бастап Қазақстанның барлық өңіріне дерлік қыс келді: күні кеше жауған жаңбырдың арты қарға ұласып, аяз түсе бастады. Сондықтан, ішкі істер министрлігі Қазақстандағы көлік иелеріне ескерту жасап, алыс сапарға шықпауды сұрап отыр, деп хабарлайды 

Соондай-ақ полиция қолданыстағы заңға сай, қай уақыт аралығында жазғы дөңгелекпен жүруге мүлде тыйым салынатынын еске салып отыр.  

«1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін қысқы дөңгелегі жоқ көлікпен жүругі мүлде тыйым салынады. Жаяу жүргіншілерді де сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз», - деп хабарлаған ішкі істер министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылады. Елордада қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Алматыда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауса, Шымкентте түнгі және таңғы уақытта жаңбыр жауады.