Теміртау қаласының әкімі қызметінен кетеді
Әкімге бұл қызметте екі күн жұмыс істеу қалды
Теміртау әкімі Ғалым Әшімов қала басшысы қызметінен кететінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.
Шенеунік Instagram-да тікелей эфир кезінде оқырмандарын өзінің кетуі туралы ақпаратпен хабардар етті.
«Өздеріңізге белгілі, біз мемлекеттік қызметшілерміз. Мен осы қалада бес жыл жұмыс істедім. Ротация сияқты түсінік бар. Ия, мен бұл қалада тағы екі күн жұмыс істеуім керек. Мен облыстық басқармаға басшы болып, Қарағандыға ауысамын», - деді Теміртау әкімі Ғалым Әшімов.
Әкім қандай басқарманы басқаратынын нақтылаған жоқ. Теміртаулықтардың жаңа әкім кім болатыны туралы сұрағына Әшімов кандидатураның бекітілгенін айтты. Алайда жаңа әкімнің аты аталмады:
«Менің әріптесім басқа қаладан келеді. Өте білікті адам. Бізге қайда жұмыс істеуге бұйрық беріледі, біз сонда барамыз. Мен мұны шешпеймін, басшылық шешеді. Ротация уақыты келді», - деді Ғалым Әшімов.
Металлургтер қаласының әкімі қызметінде Ғалым Әшімов 2015 жылдан бастап бес жыл жұмыс істейді.