$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2020, 11:37
Қоғам

Аружан Саин туған күнінде қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға шақырды

Жоба аясында жиналған қаражат 100% балалардың еміне ғана жұмсалады

Аружан Саин туған күнінде қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға шақырды
Фото: ашық дереккөзден

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Бүгін омбудсмен туған күнінде қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға шақырды.

«10 тамыз – менің туған күнім. Мен үшін ең бағалы сыйлық, әдеттегідей - ауыр дертпен күресіп келе жатқан балақайларға жанашырлық танытып, оларға қайырым жасағаныңыз. «Балаларға өмір сыйла» - елімізде әзірге емделмейтін ауруға шалдыққан балалардың еміне қаржы жинайтын маңызды жоба. Жоба аясында жиналған қаражат тек балалардың еміне ғана жұмсалады», - деп жазды Аружан Саин.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жазуынша, қаржының кіріс-шығысы туралы мәлімет әр 10 күн сайын hdetdom.kz сайтында жарияланады.

«Жоба аясында жиналған қаражат 100% балалардың еміне ғана жұмсалады. Емге мұқтаж балаларға қол ұшын беріп, оларға бақытты өмір сүруге үміт сыйлап жүрген әр азаматқа алғыс айтамын», - деп жазба қалдырды.

Серіктес жаңалықтары