$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2020, 10:05
Қоғам

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Орал қаласының 2 тұрғыны сотталды

Ұйымдастырушы тұлғада букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыруға қажетті лицензия болмаған

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Орал қаласының 2 тұрғыны сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тіркелген екі қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

«2019 жылғы мамыр айында Орал қаласының тұрғыны екі мекежайда - «X Keno» және Fortuna-да бағдарламаланатын нөмірлердің нәтижесі бойынша төлемдер (ставкалар) қабылдау арқылы құмар ойындар мен құмар ойындар саласындағы заңсыз әрекеттер жүзеге асырылған, тиісті лицензиясы жоқ заңсыз букмекерлік кеңселердің ашылуын ұйымдастырған. Сонымен қатар, салық төлеуші ​​ретінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмегендіктен, ұйымдастырушы тұлғада букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыруға қажетті лицензия болмағаны анықталды», - делінген комитет хабарламасында.

Орал қалалық сотының үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 307-бабының 1-бөліміне сәйкес, кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау орната отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, Орал қалалық соты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін дәл осындай жаза тағайындаумен Орал қаласының тұрғынына қатысты тағы бір үкім шығарды.

Серіктес жаңалықтары