Павлодарда алимент төлемеген 88 адам анықталды
Алимент төлемейтіндер қатарында аналар да бар
Павлодарлық полицейлер алимент төлемеген тұрғындарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өз балаларына материалдық жағынан көмек көрсеткісі келмей жасырынып жүрген әкелер Нұр-Сұлтан, Семей қалалары мен Жамбыл облысының аумағынан табылған. Сараптамаға сүйенсек, алимент төлемейтіндердің қатарында аналар да бар.
«Балаларын ұмытып, досымен өмірін жалғастырып жатқан 34 жастағы алимент төлемеген ана Павлодар қаласының «Мелиоратор» бақша егу орнында ұсталды. Бұдан өзге, тәртіп сақшыларымен өткізілген рейдтік шаралар кезінде балаларына «қарыз» болған 20 автокөліктің иесі анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, жауапкерді анықтау – төленбеген соманы өндіру емес. Полиция тек іздеудегі адамды анықтайды және оның сот орындаушысына келуін міндеттейді.