$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.08.2020, 16:46
Қоғам

Қазақстанда оқушылар мен ұстаздарға арналған арнайы тарифтік жоспар іске қосылады

Тарифтік жоспардың абоненттік төлемі айына 990 теңге болмақ

Қазақстанда оқушылар мен ұстаздарға арналған арнайы тарифтік жоспар іске қосылады
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қашықтан білім беруді қолдау мақсатында ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, мектеп оқушыларына, студенттерге және мұғалімдерге арналған арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусиннің айтуынша, тарифтік жоспарда отандық бейне-конференция байланыс жүйесін қоса алғанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық (жергілікті және ҚР аумағындағы) 380 білім беру ресурсын шектеусіз пайдалану қарастырылған.

«Білім» тарифтік жоспарының абоненттік төлемі айына 990 теңге. Бұл тарифтік жоспарды 20 тамыздан кейін қолдануға болады. Жаңа тарифтік жоспарға қосылу шарттарын Білім және ғылым министрлігі пысықтап жатыр. Сондай-ақ, байланыс операторлары 1 ГБ интернет трафигін қосымша ұсынады», - деді Бағдат Мусин.

Бұдан бөлек, министрлік тіркелген байланыс операторларымен бірге тиісті талдау жүргізіп, операторлардың мектептердегі интернет жылдамдығын  8 Мбит/сек дейін қосу/арттыру мүмкіндіктерін анықтады. Осы бойынша тиісті ақпарат жергілікті әкімдіктерге жолданды. Жергілікті әкімдіктер мектептерді интернетпен қамту бойынша жұмыс жүргізуі керек.

Серіктес жаңалықтары