$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.08.2020, 16:19
Қоғам

Damumed-ке енгізілген 11 мыңнан астам медициналық қызмет халыққа көрсетілмеген

Бұл қызметтер 75,5 млн теңге тұрады

Damumed-ке енгізілген 11 мыңнан астам медициналық қызмет халыққа көрсетілмеген
Фото: ашық дереккөзден

Алты айдың ішінде Damumed-ке енгізілген 75,5 млн теңгеге бағаланған 11 607 медициналық қызметтің халыққа көрсетілмегені анықталды. Мониторингті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары жүргізді. Бұл мәселені Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешов бақылауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көрсетілген медициналық қызметтің сапасы мен көлеміне қатысты үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Ал жалған мәлімет енгізген медұйымдарға айыппұл салынады. Айыппұл көлемі 2019 жылы ұлғайып, медқызмет бағасының 100 пайызынан 300 пайызға дейін өсті», - деп жазылған хабарламада.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев жағдайды бақылауға алып, Damumed қосымшасына енгізілген көрсетілмеген қызмет туралы жазбалар фактісін тексеруге сөз берді.

Серіктес жаңалықтары