ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

СҚО-да аудан орталығының тұрғындары карантин кезінде той өткізген

Тойға 50-ден астам адам шақырылған

Қызылжар ауданының санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды қадағалау және мониторинг жөніндегі жұмыс тобы жеке үйде өткен отбасылық іс-шараны анықтады. Аудан орталығының тұрғындары «102» арнасына хабарласып, коттеджердің бірінің маңында көп машиналардың тұрғанын және адамдардың көп жиналғанын айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын болып жатқан жерге келген автопатруль шынымен де басқосу өтіп жатқанына көз жеткізген. Қызылжар ауданы Полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Жәнібек Мұхамадиев бұл ақпаратты рейдтік іс-шарада жүрген әкімдік және аудандық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөлімі мен полиция қызметкерлері енген мониторингтік топқа хабарлаған. Топ мүшелері көрсетілген мекенжайға келіп, дастархан басында отырған қонақтарды және тойды жүргізіп жатқан асабаны көрген. Тойға 50-ден астам адам шақырылған. Мониторингтік топ карантин кезіндегі іс-шараны фотоға түсіріп, бейнетіркеуге жазып алған. Материал шешім қабылдау үшін Қызылжар аудандық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөліміне жіберілген.

«Бұл ауданда анықталған осымен үшінші факт болып отыр. Адамдар отбасылық басқосулардың салдары қалай болатынын еш ойламастан карантин талаптарының бұзушылуына жол береді», - деді Жәнібек Мұхамадиев.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО