Қазақстанда жыл басынан бері адам 85 адам құл ретінде сатылып кетпек болған
ІІМ адам саудасына қатысты заңсыз көші-қонның 9 арнасын жойды
Елімізде биыл жыл басынан бері адам 85 адам құл ретінде сатылып кетпек болған жерден құтқарылды, деп хабарайды Azattyq Rýhy.
Астанада Түркі Мемелекеттерінің Ұйымы елдерінің ішкі істер министрлері бас қосты. Кездесуде адам саудасы мен заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда құқық қорғау органдары адам саудасына қатысты 85 фактінің жолын кесіп, заңсыз көші-қонның 9 арнасы жойылды.
«Қылмыстық топтар мигранттарды заңдастырудың түрлі схемаларын пайдаланады – жалған жұмысқа орналастыру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жалған шақырулар жасау. Мұндай схемалар көбіне бір елдің шегінен шығып кетеді, сондықтан оларға қарсы бірлесіп іс-қимыл жасау қажет», – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.