30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағуға міндеттелген еді
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды маска тағуға міндеттейтін бұйрықты өзгертті. Енді балаларға және сыртта жаттығу жасайтындарға маска тағу міндетті емес, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Министрдің «Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 5 шілдедегі бұйрығына өзгерістер енгізілді.
10-тармақтың 7) және 9) тармақшалары мынадай өзгерістер енгізілді:
7) бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте, сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде медициналық немесе матадан жасалған маска кию міндетті;
9) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес жасқа дейінгі балалар мен жеке, топтық спорт түрлерімен бес адамнан аспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, ашық жерлерде медициналық немесе шүберек маскаларын кию міндетті болып саналады», - делінген жаңартылған құжатта.
Естеріңізге сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағуға міндеттелген еді.