01.08.2020, 11:57
Қоғам
Құрбан айттың бірінші күнінде 18 мыңға жуық отбасыға ет таратылды - ҚМДБ
Сондай-ақ еліміз бойынша 5 мыңға жуық мал шалынды
Фото: muftyat.kz
WWW.QURBAN2020.KZ жобасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні республика деңгейінде 3225 адам құрбандық шалуға тапсырыс берді. Бұдан бөлек 1000-нан астам адам қосымша құрбандық малын тапсырды,деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
«Құрбан айттың бірінші күнінде еліміз бойынша 4 700 мал шалынды. Оның ішінде қой – 4341, ірі қара – 274, ешкі – 83 , түйе – 2. Бұған қоса 22 кәсіпорын мен мекемелер құрбандық малын тапсырды. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 17 997 отбасыға құрбандық еті таратылды», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
22.09.2026, 13:26
Төбесі көгеріп, дәретханасы сасып кеткен: Қаскелеңдегі ескі мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
22.09.2026, 06:33
Атырау облысында арнайы техника автобусқа соғылып, үш адам зардап шекті
22.09.2026, 16:20
Шығын – 4,1 млрд теңге: Астанада Mardan тұрғын үй кешеніне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
22.09.2026, 23:19
Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынып, айыппұл төледі