Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ әлі де көшбасшы

Әлемде ауырып жатқандар саны 17 миллионнан асты

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ әлі де көшбасшы

667, 8 мың науқас қайтыс болды, 10 миллионға жуық адам сауығып кетті, деп хабарлайды Джонс Хопкинс университетінің сайты. Сондай-ақ өткен тәулікте әлемде 289,1 мың жаңа инфекция жұқтырушылар анықталды, деп жазады ВВС өзінің күнделікті шолуында.

Жұқтырғандардың саны бойынша АҚШ жетекші орында, онда вирустан 4,4 миллион адам ауырып жатыр. Екінші орында - Бразилия (2,5 млн), үшінші орында - Үндістан (1,5 млн), төртінші орында Ресей (832,9 мың) тұр. 

Ұлыбританияда соңғы бір күнде 846 жаңа COVID-19 жағдайы анықталды. Бұл – бір айдағы ең жоғары күндізгі көрсеткіш. Тағы 38 адам қайтыс болды: осылайша қайтыс болғандардың жалпы саны 45 999-ға жетті.

Англияда ақпан айының аяғынан маусымның ортасына дейін Еуропадағы өлім-жітімнің ең жоғарғы деңгейі тіркелді, деп хабарлады британдық статистика бюросы. 

АҚШ-та COVID-19 жаңа жағдайларының саны өсуде: пандемия басталғалы бері ауру жұқтырғандардың жалпы саны 4,4 миллионнан асты. 150 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

Ал Аустралия – COVID-19-дан пандемия басталғалы бір күнде қайтыс болғандар саны бойынша көш басында. Билік бір күнде штатта 723 адамға инфекция жұққанын және 13 өлім тіркелгенін хабарлады. 

Үндістанда күніне жаңа анықталған инфекцияның ең жоғары көрсеткіші тіркелді. Аурулар саны 52 мыңнан асты. Әсіресе, Махараштра, Тамилнад және Андхра- Прадеш сияқты штаттарда жағдай нашар. Ел АҚШ пен Бразилиядан кейінгі инфекция жұқтырушылардың жалпы саны бойынша үшінші орында, онда 1,5 миллионнан астам адам тіркелген. Инфекция 35 мыңға жуық науқастың өмірін қиды.

COVID-19 инфекциясы санының таралуы бойынша әлемде екінші орында тұрған Бразилия төрт айға созылған тыйымды тоқтатты. Енді өзге мемлекет өкілдері Бразилия жеріне емін-еркін кіріп-шыға алады. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім елдің туристік индустриясының шығындарымен байланысты. Сондықтан Бразилия жаңа инфекциялар мен өлім саны өте жоғары ел болып қала береді.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.