$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2020, 01:52
Қоғам

Нұр-Сұлтанда қолжетімді тұрғын үй көлемі 3 есе артты

Былтыр қалада 141,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтанда қолжетімді тұрғын үй көлемі 3 есе артты
Фото: astana.gov.kz

2020 жылы 8 мыңға жуық елорда тұрғыны «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қоныс тойын тойлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2020 жылы мемлекеттік инвестициялар есебінен елордада жалпы ауданы 500 мың шаршы метрден астам (8 мыңға жуық пәтер) тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Осылайша елордадағы қолжетімді тұрғын үйлердің көлемі 3 есе артқан», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін 1 200-ден аса пәтерді тапсыру жоспарлауда. 

Айта кету керек, 2019 жылы Нұр-Сұлтанда 1 634 пәтер, 141,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді және 1 599 пәтер, оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 1 050 пәтер берілді.

Серіктес жаңалықтары