$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.07.2020, 21:48
Қоғам

«Абай шапағаты» қайырымдылық қоры 10 мұқтаж отбасыға 42 500 теңгеден берді

Қайырымдылық акциясы айтыскер ақындарының мұрындық болуымен ашылды

«Абай шапағаты» қайырымдылық қоры 10 мұқтаж отбасыға 42 500 теңгеден берді
Фотолар: Нұрдәулет Әбікеев

«Абай шапағаты» Халықаралық қайырымдылық қоры Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Жақыныңа жанашыр бол» атты акция бастады. Алғашқы акцияда меценат Толқын Ақанның демеушілік жасауымен көмекке мұқтаж 10 отбасыға 42 500 теңгеден берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Дәулеткерей Кәпұлы, Әсем Ережеқызы, Серікзат Дүйсенғазы, Айбек Қали сынды қоғам қайраткерлері жетекшілік ететін бұл қор әлемді жайлаған індеттің салдарынан күйзеліске ұшырап жатқан сан мыңдаған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жәрдем беру мақсатында құрылып отыр. Бұл акция аясында бүгін тек Нұр-Сұлтан қаласында қайырымдылық көмек жасалды. Алдағы уақытта өңір-өңірді аралау жоспарланып отыр», - дейді қор өкілдері.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар Құрбан айт мерекесі қарсаңында он қой беруді жоспарлаған. Дегенмен, ойлана келе, ақшалай көмек беру туралы шешім қабылдаған.

Серіктес жаңалықтары