Сандардың сиқыры: 26.06.2026 күні үйленуге мыңдаған қазақстандық өтініш берді
Бұл күнге өтініш қабылдау 11 маусымда аяқталған
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2026 жылғы 26 маусымда неке қиюға өтініш берген қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл күнге өтініш қабылдау 11 маусымда аяқталған. Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, цифрлардың ерекше үйлесімі бар күндер дәстүрлі түрде жас жұбайлардың қызығушылығын тудырады. Ең көп өтініш Алматы қаласында тіркелген. Мұнда неке қиюға 830 жұп өтініш берген. Астанада 740 өтініш қабылданса, Шымкентте бұл көрсеткіш 141-ге жеткен.
Осылайша, Қазақстанның үш мегаполисінде ғана 2026 жылдың 26 маусымына неке қию үшін 1711 өтініш түскен.
Айта кетейік, болашақ жас жұбайлардың бұл күнді таңдауы 26.06.2026 күнінің әдемі әрі есте қаларлық цифрлық үйлесімімен байланысты.