$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.07.2020, 15:29
Қоғам

Жемқорлыққа қарсы агенттік 80 мың белсендімен бірлесіп жұмыс атқарып жатыр

Бұл небәрі 1300 қызметкері бар Агенттіктің жалпы санынан 60 есе көп

Жемқорлыққа қарсы агенттік 80 мың белсендімен бірлесіп жұмыс атқарып жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы азаматтық қоғам қатарындағы Агенттік серіктестерінің саны 80 мың адамға жеткенін хабарлады. Бұл небәрі 1300 қызметкері бар Агенттіктің жалпы санынан 60 есеге көп.

Ғанижан Асанұлы өз сөзінде қоғам мүшелерінен жасақталатын арнайы мониторингтік топтардың, ақпараттық-ағарту штабтарының және «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің маңыздылығын атап өтті.

«Ақпараттық-ағарту штабының белсенділері танымал әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік шыдамдылық қалыптастыру тақырыбында 380 мыңдай адам атсалысқан 1000-нан аса тікелей эфир өткізді», - деді Ғ. Асанұлы.

Пандемия жағдайында АМТ мүшелері блок-бекеттер мен қоғамдық маңызды нысандарға мониторинг ұйымдастырды, мемлекеттік гранттарды тағайындау үшін сұраныстарды қарау барысындағы комиссия жұмысы мен ҰБТ тапсыру кезінде сыртқы бақылауға белсенді қатысты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының дәрі-дәрмектерді алыпсатарлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері, арнайы мониторингтік топтар, сондай-ақ азаматтық белсенділерінен құрылған жұмыс топтары 2500-ден астам дәріханаға, 200 медициналық бұйымдар қоймасына, 250 аурухана мен емханаға мониторинг жүргізген. Нәтижесінде, 200-ден астам заңбұзушылық анықталды.

Ең көп таралған заңбұзушылықтардың қатарында: бағаны көтеру, дәрі-дәрмектерді мамандандырылған үй-жайлар мен дәріханалардан тыс сату, лицензиясыз дәріханалардың жұмыс істеуі тұр.

АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ:

  • Елордалық дәріханаларда «Амлодимед» және ЦЕФ-3 препаратының бағасы үштен бірге қымбат бағада сатылған.
  • Қарағанды, Ақмола, Жамбыл және Павлодар облыстарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды азық-түлік базарларында және азық-түлік дүкендерінде қайта сату фактілері анықталды.
  • Нұр-Сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында қызметін лицензиясыз жүзеге асырған дәріханалар анықталды.
  • Қостанай облысында облыстық аурухананың лауазымды тұлғасына қатысты өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарын 35% жоғары бағамен жеткізуге шарт жасасу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Нақты бағасы 520 мың теңге болған жағдайда сатып алу 702 мың теңге жоспарланған (шығын Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қорытындысымен расталған).
  • Қызылорда облысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2 орынбасарына қатысты 17,4 млн теңгенің өкпені жасанды желдету стационарлық аппараттарын сатып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аппараттар «СҚ-Фармация» ұсынған бағадан 3 есе жоғары бағаға сатып алынған.
  • Дәрі тапшылығын қолдан жасаған жасаған жеке жеткізушілердің қоймаларында сұранысқа ие дәрі-дәрмектің ірі партияларының кешіктірілу фактілері анықталды. Мәселен, Қарағанды облысында қоймаларда сатылмаған дәрі-дәрмектің (парацетамол, аспирин) 600 мың қаптамасы анықталды. Мониторинг қорытындысымен олар жедел дәріханаларға жеткізілді.
  • Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық органдарына материалдар жіберілді.
  • Есепті кезеңде ӘКБК-нің 424 (заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет, айыппұл – 70 АЕК) және 426 (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы ережелерді бұзу, айыппұл – 70 АЕК) баптары бойынша 65 әкімшілік хаттама тотырылды.
  • Бұдан басқа, Алматы қаласы мен Алматы облысында 10 млн-нан астам медициналық масканы заңсыз жүзеге асырудың жолы кесілді. Нәтижесінде, олар жергілікті атқарушы органдарға берілді.
Серіктес жаңалықтары