«Қолыңнан келмесе, өзіме қайтара сал»: қарындасын ұзатқан ағасы жұртты жылатты (ВИДЕО)
Тойда түсірілген сәт әлеуметтік желіде жарияланды

Әлеуметтік желіде қарындасының үйлену тойында сөз сөйлеген жас жігіт жұртты жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тойда түсірілген сәтті тұрмысқа шыққан Адэлия Ким желідегі парақшасында жариялады.
«Өзімнің жеке бір өтінішім бар. Ол – менің жалғыз қарындасым. Туғанымыздан бірге келеміз. Анамнан қалған жалғызым. Осындай аяулы жанды отбасыларыңызға қосып, біздің құсымызды қолдарыңызға қондырып алып жатқан сіздер сондай бақыттысыздар. Шын мәнінде, оның қандай адам екенін кейін білесіздер. Оның махаббаты, оның мейірімі, адамгершілігі мол.
Әзиз (ред. – күйеу жігіт), саған айтарым біреу ғана – қарындасымды бағала. Біз көптеген қиындықтан, жамандықтан, сатқындықтан бірге өттік. Жақсылықты да бірге көрдік. Енді бақытты болатын кез келді. Қарындасымды бақытты ет, оған қара. Егер қолыңнан келмесе, өзіме қайтара сал. Ол – менің жалғызым», - деді қалыңдықтың ағасы.