Қыз баланы басынан теуіп, іш киімін күштеп шешті: жігіттердің жауыздығы елді шошытты (ВИДЕО)
Желіда адам шошырлық видео тарады

Әлеуметтік желіде тараған адам шошырлық видео елдің ашуын туғызды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған видеода бойжеткен қыз баланы арт жағында тұрған жас жігіттің аяусыз тепкенін, ал қасында отырған қыз бала оның іш киімін күштеп шешпек болғанын байқауға болады.
Оқиғаның нақты қай өңірде немесе қай елде болғаны әзірге белгісіз. Алайда жастардың кескін-келбетіне қарап, Азия елдерінің бірінде болғаны анық.
Видео қазақстандықтар арасында үлкен резонанс тудырып, желі қолданушылары видео астына түрлі пікір қалдырды.
«Анау жануардың нөмірі, мәліметтері керек. Тепкен қалай болатынын көрсетейін», «Қызыңды бөтен үйге қондырма, ұлыңды бөтен үйден тойдырма деген мақал осы үшін», «Қытай ғой бұл. Бірақ қай ел болса да аямау керек. Тәрбиені әркім өзінен бастасын, бір бірінің бөлмесіне жалаңаш кіре бермей, ұятсыздар», «Қазақстан емес Қытай, күйді алып тастаңдар қор қылмай», - деп жазды желі қолданушылары.