11.06.2026, 15:34
Қоғам

Қазақстандағы мамандардың тек бес пайызы ғана біліктілігін арттырып отырады

Амриннің мәліметінше, бұл дамыған елдерден он есеге жуық төмен көрсеткіш

Қазақстандағы мамандардың тек бес пайызы ғана біліктілігін арттырып отырады
Фото: istockphoto.com

Қазақстандағы мамандардың тек 4-5 пайызы ғана біліктілігін арттыру үшін курстан өтеді. Ал, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін елдердің бұл көрсеткіш 40 пайыз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Бұл туралы бүгін үкіметте ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды

«Адами капиталды дамыту және жұмыспен қамтуды арттыр бағыты бойынша мынандай сын-қатер бар – қазір мамандардың дағдылары экономиканың талаптарына сай келмейді. Қазақстанда азаматтардың тек 4–5% ғана біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, ал ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 40%», - деді Амрин.

Бұл мәселені шешу үшін үкімет колледждердің әлеуетін күшейтіп, техникалық мамандықтардың дағдысын арттырып тұрмақ.